|    |  
16 желтоқсан 2018
20:04
қаз
​Гүлзира Айдарбекова бесінші немересіне ерекше есім қойды
08 қазан, 10:20 257
Бірер күн бұрын Гүлзира Айдарбекованың екінші келіні кестетігер қыз баланы дүниеге әкелген болатын. Бұл жолы продюсер әжесі бесінші немересіне ерекше есім берген.


 
«Ал енді сіздер асыға күткен, немереміздің есімін айта кетейін???? Немереміз жұма күні тура намаз уақытына таяп, Аян мен Занғар дәретін алып мешітке шыға бергенде "Сүйінші"xабар келді. Сонымен ары ойлап, бері ойлап жадымда сақтап жүрген бір есім бар еді. Кезінде Сезімге қоямын дегенімде, Сезім атасы сияқты қара қыз болып туылды, оны сезімтал болсын деп ырымдап Сезім қойдым. Одан соң, Алауға қойсам деп едім, Алауым одан да қара қыз болып туылып,???? дереу басқа ат түнімен ойлап, көрген жұрттың жүрегін қарып өтсін, алаудай жалындасын деп, Алау қойдым. Өкіл қыздарыма Жания, Раяна есімдерін қойдым, оларға да бұйырмады. Енді міне Жұма күні, намаз басталарда дүние есігін ашқан немеремді Ақмөр деп атадым. Олай деуімнің себебі: анам қыз тусаң атын осылай атасаң екен деп еді. - Бұл сөздің мағынасы қалай дегенімде: Алланың жіберген таңбасы деген болатын. "Бір жапырақ түссе де Алланың қалауымен" деген, қанша жерден ағаларымның қыздарына қоямын десем де, өзге немерелеріме қоямын десем де реті келмей жүрген есімнің, бүгін Алланың қалауымен реті келген екен. Құттықтауларыңыз үшін менен мың тағзым!»-деп жазған продюсер.



 

Шаңырағымызға қош келсін немереміз! Баршаңыздың дұға-тілектеріңізге алғысымыз шексіз! Сіздерге біраз сырымды бөлісе кетейін???????? Негізі Нүрекеңнің туған күні 8 не осы айдың. Асықпағанымызда сол күнге тура келер ма еді, мен іс-шаралармен Американың біраз ірі қалаларына шақырту алдым. Келінім босанып қаалар деген үмітпен Астанаға барып біраз уақыт күтіп жүрдім.Келініме түйенің етін жеп не шұбат ішіп қойған жоқсың ба десем, ия білмей қалдым, шұбат іштім деді. Ойыншық түйенің үстінен үш рет аттатып, көрпеге салып жан-жағынан көтеріп, оң ба сол ма деп мен айқайлап, жағалай көтеріп тұрған қыздар оң-оң деп айқайлап ырымын жасадық???? Мен кеткенше көре алмай уайымдап кететін болды деп келінім, Аянымды ертіп алып 10 км-леп жаяу паркте жаяу жүріп, Құдайдан тілегені болып 5-і күні босанды әйтеуір. Сонымен мен мәз болып, немеремді құшағыма басып 2 күн жандарында болып, бүгінгі перзентxанадан шығаруға қатыса алмай кеше ұшып кеттім. Алматыдан ұшатын болған соң, кездесу, қол қою деген сияқты асығыс үлгеруге тірліктерім үшін басқа амалым болмады. Бірақ мына видеоларды көріп қуаныштан жылап та отырған жайым бар????????

Публикация от Gulzira Aidarbekova (@gulziraaidarbekova)


Дереккөз: Reactor


Жаңалықтар