Мәдениет
16 қазан 10:34
Гүлзира Айдарбекова Қайраттың енесін періштеге теңеді
Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова желіге құдағиы жайлы жазды.


 
Құдағиымен құрбыдай сырласатын продюсер екеуінің суретін парақшасына жүктеп, алғысын білдірген.
 
«10 жыл бойы құдағиым емес туған әпкемдей жаныма жақын, тілеуімді тілеп, бір адамға өзі түгіл өзгеге жаман пікір айтқызбай, қорғаштап жүретін туған құдағиым Бекзада xаным, Жұлдызымның ақ мамасымен. Мен бұл кісіні періштеге теңеймін. "Анасына қарап қызын ал" деген сөз бекер емес екен. Ешуақытта бірде-бір ренжісіп көрмеппіз. Турцияда демалған кездерімде ылғида жанымда болды. Әпкем ретінде де, құрбым ретінде де еш бүкпесіз сырласымдай жан-жақты жаны да өзі де сұлу теңдесі жоқ құдағиым. Сөзбен айтып жеткізе алмаймын»-деп жазған.
 
Желі қолданушылары болса қызын он жыл бойы жасырғанда түсіністікпен қараған құдағиға риза болысып, құдағиларға тату-тәтті өмір тіледі.

Дереккөз: Reactor

Комментарии




Яндекс.Метрика