Мәдениет
15 мамыр 15:50
​Гүлзира Айдарбекова немерелерінің қызықтарымен бөлісті
Продюсер Гүлзира Айдарбекова үлгілі үш ұл тарбиелеп өсірген ана, тәп-тәтті төр немеренің әжесі. Балаларын аяққа тұрғызған продюсер енді немерелерінің тәрбиесіне де зор үлес қосуда. Жақында отбасылық концерт берген Қайрат Нұртастың анасы төрт немересінің қызықтарымен бөлісті.

 
 
«Отбасылық концертімізбен, ел аралаған кезімізде бірде xалықтың ықыласына қуансам, бірде жүрегім ауырған кездерімде көп болды. Неге екенін сіздермен бөлісе кетейін: Менің түсінгенім, немерелерімнің ойынша, кім жақсы орындайды соған xалық гүл, сыйлықтар беруі керек сияқты. Алғашқы күндері 3 немереме сыйлық беріп, біреуіне берілмей қалса: "Әкешім кешірші, мен дұрыс орындай алмай қалдым"деп өксігін баса алмай жылағандары да болды.Алауым ширақ, пысығырақ қой, мен бір-екі мәрте сыйлық берілмей қалған кездерінде, өзіме берілген гүлді тығып қойып, солар шыққан кездерінде , саған беремін деп үлгере алмай қалыпты, менен бір апа беріп жіберді деп ұсынсам, мамасына келіп, мама, апам алдап тұр я, неге бәрі үлгере алмай қала береді депті.Оған әбден Жұлдыз екеуіміз күліп алдық, соларды алдаймыз деп жүрген біз ақымақпыз деп. Бірде мен өзіме берілген мамық қонжықты бергенмін Алауға, саған беруге тағы үлгермей қалыпты бір апа деп" Ммм"-деп Алауым, алдап тұрғанымды білгендей қуанбай жәй ала салған,кейін қарасам, Ханға сыйлық берілмей қалды, апа менде, мынау саған деп алдап Ханға бере салсам болады ма қонжықты дейді, сөйтіп Ханға бермесі бар ма. Әйтеуір бір-біріміздің көңілімізді табамыз деп, актриса болып кеттік. Кейін бәрін түсініп, концерттің соңында бір-біріне бөлісетін болды, саxынаға өте еркін шығып, қозғалатын болды. Сондай бір-біріне деген мейірімділігі үшін жүрегім жылып сала берді. Бұларда ойыншық жоқ емес, дұрыс түсінбей қалмаңыздар, дұрыс орындай алмай қалсақ гүл берілмейді деген бала жүрегі болмаса. Әкелерінің абыройын ойлап, уайымдап, біреуінің көзінен жас шықса, бірі саxнаға шығарда қолы дірілдеп, кішкентай дейміз-ау, бірақ мен осы жолы, осы кішкентай жүректерімнен көптеген сабақ алдым. Әкелері саxынаның адамы болғандықтан болар, немерелерімнің де қанында бар болғаны ғой, осы кештерді өздері қатты күтті, бір жағы әкелерінің еңбегін жақсы түсінді. Ия, баршаңызға алғысым шексіз, сіз бақытты анасыз, сіздің жолыңызды бізгем берсін деп жатасыздар. Армансыз адам бола ма? Менің арманым: осы менің періштелеріме тіл-көзден аман болсын, өмірлері ұзақ болсын деп, дұға етіп қойыңыздаршы. Мен үшін ең үлкен тілек, сіздерден күтетінім де осы жылы сөз ғана»-дейді желідегі парақшасында.
 

Менің жеке қызым, алаулап тұрған Алауым!????

Публикация от Gulzira Aidarbekova (@gulziraaidarbekova)


Дереккөз: Reactor

Комментарии




Яндекс.Метрика