16 Декабрь
19:00
Астана: -14 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Әлем жаңалықтары
5 маусым 12:14
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

«Х-фактор» шоуына қатысу үшін 6 баласын тастап кетіп қалды
Астана тұрғыны «Х-фактор» шоуының кастингіне қатысу үшін үйіндегі зайыбы мен алты баласын тастап кетті.
Бар ақшасы мен банк карточкасын өзімен бірге ала кеткен ол Алматыға продюсерге пара беріп, жобаның бас жүлдесі, 7 миллион теңгені алғысы келген, деп жазады «Экспресс К» басылымы.


«Х-фактор» республикалық байқауының іріктеу кезеңдерінде түрлі оқиғалар болады, бірақ таяуда жобада болған «Шекспир трагедиясы» кәнігі төрешілердің жағасын ұстатты. Қатысушылардың бірінің зайыбы ұйымдастырушыларға телефон соғып, күйеуінің шоу үшін үйінен бар ақшасын алып, оларды тастап кеткенін айтқан», – деп жазады басылым.

Кастингте бірнеше ән орындаған ол ақтық кезеңге шығу мәселесін пара беру арқылы шешпек болғаны туралы айтылады. Бірақ ер адам келесі кезеңге жіберілмеді. Жолы болмаған жұлдыздың үйіне оралуына тура келді.

«Отбасымды тастаған емеспін, бар болғаны билет алып, ештеңе түсіндірместен кетіп қалдым. Пара туралы әңгімелерді ұнатпаймын. Мені төрешілерге ақша берді деп айыптағанды естігенде қатты таңқалдым. Караокені жақсы айтамын, достарым мені талантты деп санайды. Қазылар алқасының менің орындауымды ұнатпағаны өкінішті», – дейді көпбалалы әкенің өзі.
нравится:    744
Теги: Қоғам,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии