12 Декабрь
08:35
Астана: -18 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.05
EUR/KZT: 395.12
RUB/KZT: 5.66
CNY/KZT: 50.64
Мәдениет
10 тамыз 15:57
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

“Х-ФАКТОР” ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ НАУҚАС БАЛАНЫҢ ОПЕРАЦИЯСЫН ТӨЛЕП БЕРДІ


“Х-фактор” реалити-шоуының жеңімпазы, өскемендік әнші Евгений Выблов өз сөзінде тұрып, жеңіп алған қаражатының жартысын қайырымдылыққа жұмсады.

Бұл туралы YK-news.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Балалар үйінің дарынды түлегі Выблов 8 жастағы Әділ Көкеновтің денсаулығына қажет қаражатты төлеп берді.

Әділ туыла салысымен ауыр сырқатқа шалдығып, осы уақытқа дейін 13 отаны басынан өткерген. Бүгінде ол Алматыдағы дәрігер мамандардың қарауында.

“Мәскеуден біз үшін келген оташы енді ешқандай отаның қажет болмайтынына сендірді. Женя болмағанда, мұндай білікті дәрігердің көмегіне жүгіне алмайтын едік. Емі тым қымбат. Евгений менің үмітімді оятты. Өзі балалар үйінде өскеніне қарамастан, жетістіктерге жетіп, жақсы, жайдарлы азамат болып өсті”, – дейді Әдідлің анасы Анар Тұрымова.

Әншімен қоса, Әділге бірнеше өскемендік компания қол ұшын беріп, нәтижесінде отаға $15 мың жиналды.

Выблов мұнымен тоқтамай, жаңа тректер жазып, өзге орындаушылармен қайырымдылқ концертін ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Дереккөзі:baistars.kz
нравится:    889
Теги: Музыка,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии