Экономика
28 тамыз 13:03
Хакерлер Испания Орталық банкінің сайтын бұзған


Испания банкінің сайтына хакерлік шабуыл жасалған, соның нәтижесінде дүйсенбі күні сайт пайдаланушыларға қолжетімсіз болған, деп хабарлайды ТАСС ABC газетіне сілтемемен.

Басылымның хабарлауынша, сайтта проблемалар жексенбі күні басталған, техникалық қызмет шабуылдың салдарын жою мақсатында жұмысты жалғастыруда. Дерек көздері кибершабуылдың мақсаты Орталық банк сайтын істен шығару болуы мүмкін екенін мәлімдеген.

Хакерлік шабуыл сайтқа және оның деректер базасына айтарлықтай зала келтірген жоқ, сондай-ақ қандайда бір ақпараттың жойылуы немесе жоғалып кетуі қаупі жоқ.
Шабуылға кінәлілер әлі анықталған жоқ, алайда, кейбір мәліметтерге сәйкес, бұл  Anonymous тобының хакерлері болуы мүмкін.
 

Комментарии




Яндекс.Метрика