|    |  
17 желтоқсан 2018
12:27
қаз
Хакерлер WhatsApp желісін бұзды
11 қазан, 12:09 66



WhatsApp мессенджерінің осалдығы хакерлердің аккаунттарды бұзып, пайдаланушылар видеоқоңырауға жауап беріп жатқан кезде олардың чаттағы жазбаларына қол жеткізуіне мүмкіндік берді, деп хабарлайды The Register.
 
Проблема iOS және Android пайдаланушыларына қатысты болып отыр. Мессенджердің осал тұсы тамыз айының аяғында анықталған болатын. Қазан айының басында WhatsApp мессенджерінің меншік иесі болып табылатын Facebook компаниясы ақауды түзетіп, ретке келтірген болатын. Бұл туралы желіде орналастырылған техникалық баяндамада атап көрсетілген еді.

Ендігі жерде хакерлердің орын алған ақау жойылғанға дейін оны пайдаланып үлгергені немесе үлгермегені туралы мәлімет жоқ.

Reuters агенттігі Facebook компаниясынан осы жайтқа қатысты БАҚ-та мәлімдеме жасауды сұрады. Алайда компания әзірге бұл сауалға жауап қатқан жоқ.

Қыркүйек айының соңында Facebook пайдаланушылар деректерінің біраз бөлігін жоғалтқаны туралы мойындаған болатын. Желіні бұзу нәтижесінде 50 млн-ға жуық аккаунттың деректері хакерлердің қолына түсті.

Дереккөзі: БАҚ материалдары


Жаңалықтар