|    |  
21 қараша 2018
13:00
қаз
Халықаралық олимпиада комитеті Илья Ильинді Швейцарияға шақыртып алды
01 шілде, 14:15 2184


Олимпиаданың екі дүркін чемпионы Илья Ильинді Халықаралық олимпиада комитеті Швейцарияға шақыртып алды. Жақын күндері қазақстандық ауыр атлеттің допинг дауына байланысты мәселесі шешілуі мүмкін.

Бұл туралы бүгін «Астана» Президенттік кәсіби спорт клубының атқарушы директоры Аманбек Кульчиков мәлімдеді. «Дәл қазір қандай да бір ақпарат жоқ. Халықаралық олимпиада комитеті қандай шешім шығарса да, біз Илья Ильинге қолдау көрсетеміз», – дейді мамандар. Аманбек Кульчиков, «Астана» Президенттік кәсіби спорт клубының атқарушы директоры -Біз ауыр атлеттердің тағдырына араласа алмаймыз. Сондықтан соңғы шешімді күтеміз. Барлық сұрақтардың жауабы да сол кезде айтылады. Егер бәрі жақсы болса, қуаныштымыз. Ал допинг дауы дәлелденсе, спортшыны қолдауға әзірміз, Илья біздің клубтың құрамында қала береді.

Дереккөзі: khabar.kz
Жаңалықтар