13 Декабрь
13:13
Астана: -22 °C
Алматы: -5 °C
USD/KZT: 334.85
EUR/KZT: 394.29
RUB/KZT: 5.69
CNY/KZT: 50.60
Мәдениет
7 желтоқсан 13:02
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​«Хан Шатырда» Қайрат Нұртастың қолтаңба беру сессиясы өтеді
8 желтоқсанда «Хан Шатыр» ОСО-да Қайрат Нұртастың «Мен ғашықпын...» атты жаңа әндер жинағына енген «Мазала» әніне түсірілген бейнебаянның тұсаукесері өтпек. Бұл туралы «Қазақстан» Телерадиокорпорациясының баспасөз қызметі хабарлайды.



Жас әртістің әрбір жаңа әні тыңдармандарды таң қалдырмай қоймайды. «Мен ғашықпын...» атты үздік 86 әннен құралған 12-жинағына әртістің көпшілік сүйіп тыңдайтын әндерімен қатар жаңа әндері де кірді. Сондай-ақ, жақында ғана тыңдармандарға жол тартқан, сөзін Ш.Сариев, әнін Д.Шарипов жазған «Мазала» атты әніне түсірілген бейнебаянның да тұсауы кесіледі. Мәскеу қаласында түсірілген бұл бейнебаянның режиссері – А.Голубев. Елорда тұрғындары мен қонақтары өздерінің сүйікті әншісімен кездесіп қана қоймай, қолтаңбасы қойылған дискті Қайраттың өз қолынан алу мүмкіндігіне ие болады. Қайрат Нұртастың жанкүйерлері бірінші болып әртістің өз аузынан алдағы шығармашылық кеші мен жоспарлары туралы еститін болады. Іс-шара «Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаев» бағдарламасының форматында өтеді. Сонымен қатар, іс-шара барысында 200 жаңа әндер жинағы мен 1000 дана Қайрат Нұртастың журналы таратылады.

 
нравится:    864
Теги: Жұлдыздар әлемі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии