13 Декабрь
13:14
Астана: -22 °C
Алматы: -5 °C
USD/KZT: 334.85
EUR/KZT: 394.29
RUB/KZT: 5.69
CNY/KZT: 50.60
Әлем жаңалықтары
10 қыркүйек 11:12
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Ханзада Уильямның төрт айлық қызы еліне 4 млрд еуро табыс әкелді

Кейт пен Уильямның қызы – Британияның кішкентай ғана ханшайымы Шарлотта көптің көзіне екі-ақ рет көрініп, еліне 4 айда 4 млрд еуро табыс әкелді, деп хабарлайды Le Figaro.
 
Нақтырақ айтқанда, кішкентай ғана ханшайымның дүниеге келуінен Ұлыбританияның қазынасы 4,36 млрд еуроға толығыпты.
Британияның патшайым отбасы – ел экономикасы үшін аса тиімді бренд болып табылады. Оған шағын ғана отбасыдан түскен табысқа талдау жүргізген Brand Finance консалтингтік фирманың мәліметтері дәлел.
Әсіресе, ханзада Георгтың қарындасы сән әлемінің күре тамырына біраз қан жүгіртті. Ол көпшілік алдына алғаш шыққан кезде жамылған шілтер шәлі барша әлемдегі ата-ананың қызығушылығын тудырған киім-кешек үлгісіне айналды. GH Hurt & Son компаниясына келіп түскен тапсырыстар әп-сәтте бірнеше есеге артып кетті.
Патшайымдар отбасына ескі бесік арбаларды жөндеумен айналысатын шотландиялық Prams With Pizazz копаниясының алғысы да шексіз. Кішкентай ханшайым шоқындыру рәсіміне ескі стильде жасалған бесік арбамен келгені сол еді, компания сондай бесік арба жасатуды қалаған хабарламалар, хаттар мен қоңыраулардың астында қалды.
Алайда кішкентай ханшайым еліне табыс әкелу көлемі жағынан анасының алдын орай алмады. Brand Finance мәліметтеріне сәйкес, «Кейт Миддлтон» маркасы осы жылдың қаңтар айынан бастап 6,5 млрд еуродан астам табыс әкелген. Ал ағасы Георг Кембриджский түк істемей-ақ 3 млрд еуро табыс тапты десе болады.
 
Дереккөзі:nur.kz
нравится:    890
Теги: Әлемде талай қызық бар,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии