13 Декабрь
11:26
Астана: -24 °C
Алматы: -5 °C
USD/KZT: 334.85
EUR/KZT: 394.29
RUB/KZT: 5.69
CNY/KZT: 50.60
Туризм
20 шілде 12:08
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Хасима - Жапонияның «елес-аралы»
Жапонияның индустриялды ескерткіші қаласы Хасима  Дүниежүзілік мұралар тізміне енгізілді.
Жапондықтар аралдың тау жыныстарында көмір қорының бары анықталған кезде Хасиманы меңгере бастады. Ол 1887 жылы «Мицубиси» корпорациясына 100 мың йенге сатылды. 



Хасима аралы Нагасакидің оңтүстік-батысынан 15 шақырымдық жерде орналасқан. Оны ең ерекше арал деуге болады: бұдан бұрын әлемдегі халықтың ең тығыз орналасқан аймағы саналған. Алайда  60 жылдары мұнай Жапонияның басты энергетикалық ресурсына айналған кезде аралдың құлдырауы басталды, аралдағы көмір-кен орындары 1974 жылдың 20 сәуіріне дейін ғана жұмыс жасады.
Көптеген жылдар бойы елсіз арал жабық болды. Ал қазіргі кезде ол- жапондықтардың тарихи көрнекілі орындарының біріне айналды деп хабарлайды Жапондық ұлттық туристік ұйымы. Елсіз қалған аралды аралауға тек гидпен ғана рұқсат етілен. Бұл жеке бас қауіпсіздігін сақтау мақсаттарындағы жасалған. Өйткені қырық жылдан бері адамдар тұрмайтын үйлер қаусылдап, құлаудың аз-ақ алдында тұр.



Елсіз аралға туристерден бөлек, кинематографисттер де көбірек қызығушылық тудырады екен. Өйткені арал фильмнің декорацияларына таптырмас көріністер сыйлайды.

Дереккөзі : http://www.travel.ru/
нравится:    1315
Теги: Әлемге саяхат,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии