22 Август
05:43
Астана: 8 °C
Алматы: 9 °C
USD/KZT: 332.58
EUR/KZT: 390.38
RUB/KZT: 5.63
CNY/KZT: 49.85
Әлем жаңалықтары
24 ақпан 10:38
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

ХХ ғасырда әлемде теңіз деңгейі күрт көтерілген


Халықаралық ғалымдар тобы ХХ ғасырда теңіз деңгейінің алдағы 27 жүзжылдықтың әрқайсысына қарағанда айтарлықтай күрт көтерілгенін мәлімдеді.
Proceedings of the National Academy of Sciences, журналында жарияланған зерттеуге сәйкес, ХХ ғасырда теңіз деңгейі 14 сантиметрге жоғарылаған. Ғалымдардың пікірінше, бұл тікелей жаһандық жылынумен байланысты болып отыр, онсыз бұл көрсеткіш кем дегенде екі есе төмен болатын еді.
Зерттеушілер теңіз деңгейінің өсу қарқыны Кіші мұз дәуірі кезеңінің аяқталуы мен ХІХ ғасырда өнеркәсіп революциясының басталуынан кейін күрт жоғарылай бастаған. Олар сондай-ақ қалыпты экологиялық жағдайларда Әлемдік мұхит деңгейінің көтерілуі өткен ғасырда жеті сантиметрден аспаған деп есептейді.
Қазіргі кезде ғаламшардағы орташа температура ХІХ ғасырдың соңына қарағанда шамамен 1 градус жылы болып отыр. 


 
нравится:    604
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии