Әлем жаңалықтары
5 ақпан 09:50
Хиджаб киген Барбидің Instagram-да танымалдығы артты


24-жасар нигериялық бойжеткен Анифа Адам өзінің Instagram желісіндегі парақшасына мұсыманша киіндірілген қуыршақтарының суреттерін қойған. Қазіргі кезде аталмыш жоба  желіде үлкен танымалдыққа  ие болуда деп хабарлайды Style.Mic сайты.
Ұлыбританиядан оқуын аяқтап, еліне оралған  нигериялық қыз мұсыманша киіндірілген қуыршақ жасау жобасын қолға алған.  Ең бірінше кезекте ол қуыршақтарды өзі қалай киінсе, солай киіндіруден бастаған.

Желідегі жобасы  оқырмандары  тарабынан қолдау тапқаннан кейін оған мұсылман фэшн-блогері деген  атақ та беріліпті.















 

Комментарии




Яндекс.Метрика