20 Август
04:37
Астана: 11 °C
Алматы: 12 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
14 маусым 15:01
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Хит-видео: батыл турист суда аллигатормен ойнады


Американың Луизиана штатының тұрғыны жабайы жыртқыштармен тіл табыса алатындығын көрсетті.

Бойында қорқыныш сезімі жоқ, батыл ер кісі тоғанға секіріп түсіп, ондағы қауіпті рептилиялардың бірімен тез арада достасып үлгерді, деп хабарлайды bagnet.org.

Оқиғаның басы-қасында болған куәгерлер оны видеоға түсіріп, Youtube желісінде жариялаған.

Ұзақтығы бес минуттан астам видеодан ер кісінің су ішінде аллигатормен емін-еркін ойнап жүрген сәтін көруге болады. Тіпті, сәлден соң аллигаторды су ішінде жүріп өзі де видеоға түсіре бастайды, селфи жасауға әрекет етеді.

Қолтырауынға да бұл ойын қатты ұнаған секілді. Ол тіпті бір сәтке өзінің жыртқыш екенін ұмытып кеткен де секілді.

Желі пайдаланушылары ер кісінің бұл қылығын «ол жыртқыш рептилияны мысықпен немесе итпен шатастырып алған секілді» деп бағалауда. 








 
нравится:    92
Теги: Главная, Жануарлар әлемі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии