|    |  
18 қаңтар 2019
06:25
қаз
Христиандар мұсылмандармен қосылып бір апта ораза ұстады
24 маусым 2016, 09:52 1008


Ирак елінде тұратын христиан дінінің өкілдері мұсылмандарға қолдау білдіру мақсатында қасиетті Рамазан айының алғашқы аптасын ораза тұтумен өткізді, деп хабарлайды muslim.kz. Олардың бұлай істеуіне халдо-католиктік шіркеу басшысы патриарх Луис Рафаэль І Саконың үндеуі себеп болғанға ұқсайды.

«Христиандар да бұл күндері ауыз бекітіп, Таяу Шығыс пен Иракта бейбітшілік болуын тілеп, дұға жасаулары тиіс. Ораза мен дұғаның әсері қаншалықты екенін христиандар жақсы біледі», - деген болатын ол.

Мұсылман қауымына терең құрметтерін танытқан халдо-католиктік шіркеу жамағаты бұнымен тоқталмай, босқындар үшін 50 мың доллар қаржы да жинап беріп отыр.

 


Жаңалықтар