18 Август
14:44
Астана: 20 °C
Алматы: 23 °C
USD/KZT: 332.68
EUR/KZT: 389.40
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.85
Әлем жаңалықтары
8 шілде 10:51
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

HSBC 6 қызметкерін содырлар бейнежазбасына пародия жасағаны үшін жұмыстан босатты
 

Банк қызметкерлері ойнаймыз деп жұмыстарынан айырылып қалды. Олар «Ирак пен Левант террорлық тобы» содырларының тұтқындарды өлім жазасына кескен бейне түсірілімдеріне бейнепародия жасап, Instagram желісіне салып жіберген. 



Роликте беттерін бүркеген бесеу бір әріптесін қоршап алып, оны өлтірмек болады. Осы әрекеттердің барлығын ««Аллах Акбар» деп  айқаймен бастайды. Роликте пышақтың орнына киімілгішті пайдаланған. Бейне жазбаның сюжеті  тұтқынның басын кесіп тастаумен аяқталады. Осы жерде айта кетейік, исламдық содырлар ұрлап кеткен британдық Алан Хеннинг және Дэвид Хейнс дәл осылай өлтірілген болатын.



Кейін сұмдық бейне түсірілімді заң бөлімі қызметкерлерінің жасағаны белгілі болады. Сөйтіп алтауының барлығын жұмыстан шығару туралы шешім қабылданыпты. Ал банк өкілдері көпшіліктен кешірім сұрауға мәжбүр болды деп жазады The Guardian.



Бүгінгі уақытта «Ислам мемлекетті» қауіпті террористік ұйым болып есептеледі, оның қызметтеріне көпшілік ел тыйым салған. Аталған содырлардың қолынан 3 мыңға жуық шетелдік азамат қаза тапты.

Дереккөзі:echo.msk.ru

 
нравится:    563
Теги: Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии