16 Декабрь
13:19
Астана: -16 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Авто
21 мамыр 12:31
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Hyundai Genesis базасында жаңа кроссоверді жоспарлап отыр
Hyundai компаниясы алып Genesis седан платформасындағы жаңа моделі есептерінде өзінің кроссоверлік моделдер қатарларын кеңейтуді жоспарлауда. Егер бұл аталған жоба мақұлданатын болса, онда жаңа кроссовер ағымдағы Santa Fe моделінен де үлкен болып, «неміс үштігі» кроссоверлеріне бәсекелестік туғызуы мүмкін.
 


Hyundai компаниясы басшыларының Genesis седан платформасында үлкен кроссоверлерді құру мүмкіндіктерін қарастырып жатқандығы туралы, Оңтүстік корейлік маркалардың австралиялық бөлімшесінің бас PR-менеджері Билл Томастың сөзіне сілтеме жасай отырып, Motoring басылымы хабарлайды. Томасың сөзіне қарағанда, бұл айтылған идеяны Hyundai-дың америкалық кеңсесіндеі атқарушы директоры Дейв Зучовскидің өзі қолдап отырған көрінеді.

Егер жол талғамайтын Genesis жобасы мақұлданатын болса, оның жобасын құру кезінде мамандар  Jeep Grand Cherokee-ке бағдар жасайтын болмақ.

Томастың сөзіне қарағанда, жаңа кроссовердің нарықтық бағасы шамамен 40 000 доллар болады. Оның негізгі бәсекелестері Audi Q7, BMW X5 және Mercedes-Benz GLE болады деп жоспарланған.
нравится:    515
Теги: Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии