25 Июнь
08:00
Астана: 14 °C
Алматы: 18 °C
USD/KZT: 340.27
EUR/KZT: 396.31
RUB/KZT: 5.39
CNY/KZT: 52.39
Кербез
11 наурыз 15:07
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Иек асты терісінің салбырауына жол бермейтін 7 жаттығу
Дене мүсініміз жас әрі жинақы болуы үшін дұрыс тамақтанып, дене жаттығуларын жасап отыру қажет. Бұл бет-әлпетіміз үшін де қажетті. Себебі жас келген сайын бет терісі созылғыштығы мен сұлулығын да біртіндеп жоғалта бастайды.

Бұлшықетті қыздыру

Дәрігерлердің пайымынша, ұзақ жылдар бойы бет теріңіздің жас әрі жинақы болып қалуына септігін тигізетін үздік жаттығулар кешенін ұсынамыз. Сонымен, кез келген жаттығуды бастамас бұрын тері бұлшықеттерін қыздырып алу үшін жеңіл-желпі жаттығу жасаған жөн. Қозғалысты төменгі жағыңыздан бастап оны алға-артқа, оңға-солға созыңыз. Барлық қозғалыс жеңіл, біркелкі және бірден жұлқымай жасалуы қажет. Бұлшық етті қыздыру үшін бұл жаттығуды 8-10 рет жасаса жеткілікті.

1. Қасық


Ауызды ашыңыз және төменгі ерінді төменгі тістерге тигізіңіз. Сізге төменгі жақ көмегімен суды көсіп алу қажеттей елестетіңіз. Басты төмен түсіріп, көсіп алыңыз және ауызыңызды жабыңыз, сонымен бір мезетте басыңызды жоғары көтеріңіз. Жаттығу барысында еріндеріңіздің езулері босаң болуы маңызды. Жаттығуды 5-7 рет қайталаңыз.
 
2. Мұрынға дейін жету


Тіл асты бұлшықеттерінің әлсіз болуы иек асты терісінің салбырауына алып келеді. Сондықтан оған да назар аударған дұрыс. Тіліңізді барынша алға шығарып, ұшымен мұрныңызға тигізуге тырысыңыз. Еріндер барынша босаң болуы міндетті. Жаттығуды 5 рет қайталаңыз.

3. Мінсіз сопақ

Бет сопақтығын сақтау, жақ терілерін жинақылау үшін келесі жаттығуларды жасаңыз: басты солға бұрып, төменгі жағыңызды барынша алға қарай созыңыз. Біз сол жағыңыздан мойын бұлшықетінің созылғанын сезінуіңіз қажет. Енді келесі жаққа қайталаңыз. Әр жаққа 5 рет орындаңыз.

4. Керікті сүю

Керікті (немесе өте ұзын біреуді) қатты сүйгіңіз келгендей елестетіңіз. Басыңызды жоғары көтеріңіз, төменгі жағыңызды сәл алға шығарып, еріндеріңізді дөңгелете сүйірлеңіз. Егер барлығын дұрыс жасасаңыз мойыныңызға қатты салмақ түскені бірден байқалатын болады. Дәл осындай күйді 5-8 секунд ұстап тұрыңыз. Жаттығуды 5-8 рет қайталаңыз.
 
5. Қарсылық

Бұл жаттығуда иектің астына екі жұдырығыңызды қою керексіз. Енді жұдырықты жібермей, астыңғы иекті төмен қарай түсіріңіз, қарсылыққа төтеп беріп, бұлшықеттеріңізді жұмыс жасатыңыз. Күштің түсуін біртіндеп көбейтіңіз. Ең жоғары кернеуге жеткенде, 3 секундтай кідіріп, сосын 3 секунд демалыңыз. Жаттығуды 5-7 рет қайталаңыз.
 
6. Күлкі

Тістеріңізді қосыңыз және бір уақытта ерініңізді кең түрде екі жаққа созып көріңіз. Содан кейін тіліңіздің ұшын көкке көтеріп, күш түсіре отырып созыңыз. Егер иек бұлшықетіне күш түссе, сіздің дұрыс жасап жатқаныңыз. Дәл осы кернеуді 5 секунд ұстап тұрыңыз, сосын 3 секунд демалыңыз. Жаттығуды 5-8 рет қайталаңыз.
 
7. Бөжей

Аузыңызды ауамен толтырыңыз, ерініңізді тығыз жабыңыз және бетіңізді үлкейтіңіз. Алақандарыңызбен бетіңізді басып, бұлшықеттердің кернеуін сезініңіз. Көп күш-жігеріңізді сала отырып, 3-5 секунд ұстаңыз, одан кейін ауаны жіберіп демалыңыз. Бұл жаттығуды 5-6 рет қайталаңыз.

Дереккөзі: ​AdMe.ru
нравится:    86
Теги: Аруларға кеңес, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте также:

Комментарии