14 Декабрь
23:02
Астана: -21 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 334.92
EUR/KZT: 395.88
RUB/KZT: 5.71
CNY/KZT: 50.69
Спорт
9 қазан 12:31
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Илья Ильин Әлем чемпионатына бармайды

Ауыр атлетикадан Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Илья Ильин АҚШ-та өтетін әлем чемпионатына бармайды деп жазады Vesti.kz. 

Ұлттық құраманың бас бапкері кеше Хьюстонда өтетін жарысқа кімдерді апаратынын мәлімдеді.

Ерлер құрамасы:

Арли Чонтей (56 келі)
Фархад Харки (62 келі)
Нижат Рахимов (77 келі)
Денис Уланов (85 келі)
Жасұлан Қыдырбаев (94 келі)
Алмас Өтешов (94 келі)
Селімхан Әубәкіров (105 келі).

Сондай-ақ, Айдар Қазов (77 келі) пен Ермек Өміртай (85 келі) АҚШ-қа қосалқы құрамда барады.

Ал, Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Илья Ильин болса Грозный қаласында Ресей президентінің кубогі үшін өтетін турнирге қатысады.

Әйелдер құрамасы:

Маргарита Елисеева (53 келі)
Карина Горичева (63 келі)
Жазира Жаппарқұл (69 келі)
Светлана Подобедова, Анна Нурмухамбетова (75 келіге дейін)
Надежда Ногай, Александра Аборнева (75 келіден жоғары)

Әсем Садықова (58 келі) мен Екатерина Столяренко (69 келі) қосалқық ұрамда.

Айта кетейік, Хьюстондағы әлем чемпионаты 20-29 қазан күндері аралығында өтеді. 

​BAQ.kz
нравится:    993
Теги: Спорт жаңалықтары,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии