|    |  
18 қараша 2018
19:17
қаз
Илья Ильин Англияға кетеді
14 шілде, 09:04 727


Илья Ильин Англияға оқуға аттанады. Бұл туралы танымал ауыр атлеттің бапкері хабарлады.
И.Ильиннің бапкері спортшының қазір жаттығуды тастап білім алуға өзі құлшынып отырғанын жеткізді. Ол бұрыннан бері спорт саласының психологиясы мен менеджментін игеруді қалайды екен. Алайда қазақстандық спортшының қай университетті оқитынын Ержас Болтаев ашып айтпады.
Спорт саласындағы 20 жылында оның оқуға ден қоюына мүмкіндік болмаған. Қазір Илья оқуды жалғастырып, жаттығуды да сонымен қатар алып жүруді көздеп отыр.

Дереккөз: ҚазАқпарат
Жаңалықтар