16 Июль
02:53
Астана: 18 °C
Алматы: 22 °C
USD/KZT: 343.45
EUR/KZT: 399.57
RUB/KZT: 5.52
CNY/KZT: 51.28
Спорт
1 қараша 15:29
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Илья Ильин келіншегімен ажырасып кеткенін мәлімдеді
Үш дүркін Олимпиада чемпионы Илья Ильин 12 жыл отасқан жан жарымен ажырасып кеткенін мәлімдеді. Спортшы бұл туралы Mens Health Kazakhstan басылымына берген сұхбатында айтқан.


 
Басылым журналисінің сөзінше спортшы бір емес, екі мәрте ажырасқан екен. Алайда спортшы жалғыз қызының анасы Наталимен қарым-қатынасы жайлы сөз еткен.


 
«Маған бұл туралы айту қиын. Жарам әлі жазылған жоқ. Ажырасқанымызға бір жыл болып қалды. Бірақ ажырасу жөніндегі құжаттарды жақында ғана алдым. 12 жыл бірге болдық, қызымыз өсіп келеді. Бірақ басымызға ең қиын күндер туғанда ауыртпалыққа шыдамадық. Бір-бірімізге әлі күнге дейін өкпеліміз, араласпаймыз. Допинг дауына дейін де біздің тығырыққа тірелген тұсымыз көп болды. Бұлай жалғаса беруі мүмкін емес еді. Ажырасқанымыз дұрыс болды деп ойлаймын. Натали – жас, әдемі, болашағы бар. Өз бақытын табу үшін оны жіберуім керек екенін түсіндім. Мен қалыптасқан азаматпын. Әркім өзінің көргісі келетіндей кейіпте емес, бар болмысыммен қабылдағанын қалаймын. Мен ер азамат ретінде атқаруға тиісті міндеттерімді атқардым. Иә, қаным қызу еркек болғандықтан, күнәм да аз емес. Бірақ енді болары болған істі, өткенді кері қайтару мүмкін емес. Шындығында бізді ортақ қызымыздан басқа ештеңе байланыстырған жоқ. Қызығушылықтарымыз әртүрлі. Егер спорт интернаты болмағанда мүмкін біз ешқашан кездеспеген болар ма едік. Ал махаббат – бұл тек эмоция. Қызыммен көп уақытымды бірге өткіземін. Қызым көбінесе менің ата-анаммен бірге болады. Анам мен Наталидің қарым-қатынасы жақсы. Мен соған қуанамын. Допинг дауы, сот жыры, ажырасу – мұның барлығы өте ауыр болды» - дейді спортшы.



Айта кетейік, спортшының жары Наталья Ильина спортшы болатын. Белгілі қазақстандық гандболшы. Олар 2012 жылы некелерін ресми түрде тіркеп, салтанатты тойдарын өткізген еді. 


 
Дереккөз: menshealth.kz
нравится:    577
Теги: Спорт жаңалықтары, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Читайте также:

Комментарии