|    |  
15 қараша 2018
09:03
қаз
​Иммунитетті нығайтататын күзгі үш өнім
07 қараша, 16:10 130
Диетолог Светлана Фус күзде иммунитетті нығайтуға көмектесетін үш өнімді атады. Иммундық жүйе қалыпты жұмыс істеу үшін ағзаға дәрумендер мен микроэлементтер юар. Сондықтан күзгі рационға А, С және Е дәрумен-антиоксиданттарына бай көкөністер мен жеміс-жидектерді қосу маңызды. Сонымен диетолог келесі үш өнімді ұсынады


  
Қараөрік – бұл дәрумендер мен пайдалы заттарға бай өнім ғана емес, дәмді десерт. Қараөрікте С, В дәрумендері, бета-каротин, тағамдық талшықтар мен органикалық қышқылдар бар.
 
Алма – темірге, йод, калий, кальций, РР және С дәрумендеріне бай. Сондай-ақ мұндай қасиет тек алмұртта ғана бар.

Асқабақ – бета-каротинге бай өнімнің бірі. Бұл өнім біздің ағзамызда А дәруменіне айналады. Ол сүйектердің қалыпты өсуіне және иммун жүйесін нығайту үшін қажетті. Асқабақты үнемі жесеңіз есте сақтау қабілетіңіз бен көру қабілетіңіздің қалай жақсарғанын байқайсыз. Сондай-ақ асқабақ жүйке жүйесі мен ұйқының сапасына жақсы әсер етеді.
 
Дереккөз: Сегодня
Жаңалықтар