|    |  
18 қараша 2018
21:28
қаз
Индонезияда жер бетіндегі ең кәрі тұрғын - 145 жастағы ер адам тұрады (видео)
31 тамыз, 13:43 812

Жер бетінің ең кәрі ер адамы 145 жаста. Ява аралының тұрғыны Мбах Готоның айтуынша, ол 1870 жылы 31 желтоқсанда дүниеге келген. Қазір оның жүріп-тұруы қиынға түседі. Өздігінен тамақтануы да оңайға соқпай тұр. Готоның хабарлауынша, оның он шақты аға-әпкелері мен 4 әйелі болған. Қазір ол өзінің немере-шөберелерімен, шөпшектерімен бірге тұрады. Мбах Гото ресми түрде әлемнің ең кәрі адамы болып саналмайды, себебі оның қажетті құжаттары жоқ. Готода тек төлқұжат бар, ал ол құжатта туған жылы оның айтуы бойынша жазылған. Сондықтан да әлемдегі ең кәрі тұрғын болып 122 жастағы франциялық Жанна Кальман есептеледі.  

Жаңалықтар