25 Сентябрь
08:36
Астана: -8 °C
Алматы: 2 °C
USD/KZT: 340.11
EUR/KZT: 407.93
RUB/KZT: 5.91
CNY/KZT: 51.61
Әлем жаңалықтары
7 шілде 12:18
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Индонезиядағы көлік кептелісінде 18 адам қаза тапты


Ява аралының солтүстік-батысында орналасқан Индонезияның Бребес регенттігіндегі полиция 5 шілдедегі «жан түршігерлік жол кептелісінде» 18 адамның қаза тапқанын хабарлады, деп жазады Asian Correspondent.
East Brebes ақылы жолы арқылы Джакартадан Тегалға бағыт алған мыңдаған жүргізуші түрлі мәліметтер бойынша, 20 сағаттан 35 сағатқа дейінгі жол кептелісіне түскен. Олардың көпшілігі мұсылмандардың қасиетті айы Рамазанның аяқталуы мерекесін тойлау үшін үйіне қайтып бара жатқан. 
Регенттіктің бас дәрігерінің айтуынша, аптап ыстық пен шаршағаннан 12 адамның созылмалы ауруы үдей түскен. Бесеуі жол апатынан көз жұмған, тағы бір адамның өлімінің себебі әлі анықталған жоқ.
Көлік ағынының тығыздығынан, дәрігерлер көмекке зәру жандарға тіпті мотоциклмен де жете алмаған. 
 
фото: lenta.ru

 
нравится:    557
Теги: Қоғам,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии