|    |  
18 тамыз 2019
22:14
қаз
Иньекция арқылы енгізілген антибиотик үшін комаға түскен бала есін жиды
11 қыркүйек 2017, 16:07 26
Қарағандыда анасы жасаған «Цеф 3» уколынан кейін комаға түскен бала өзіне келді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.



Облыстық  денсаулық сақтау басқармасында: «баланың денсаулығында жақсы динамика байқалуда, қажетті ем шаралар жүргізіліп жатыр»- деп белгіледі.

Айта кетсек, анасы дәрігер кеңесіне жүгінбей баласына антибиотик қажет деп шешкен. Дәріні ескі рецепт арқылы дәріханадан сатып алған. Уколдан кейін екі жастағы баланың дем алуы қиындады. Шошып кеткен әйел жедел жәрдемге хабарласты.

Ауруханаға барар жолда сәбидің жағдайы қатты нашарлап, анафилактикалық шок және килиникалық өлімге дейін барды. Дәрігерлер баланы құтқаруға бар күшін салып, өкпесін жасанды вентиляциялау аппаратына жалғады. Содан соң сәби комаға түсті.

Дереккөз:Tengrinews.kz

 


Жаңалықтар