|    |  
19 қараша 2019
10:06
қаз
Инфаркт және инсульт алған жолаушылардың ұшаққа отыруына тыйым салынуы мүмкін
19 сәуір 2017, 17:01 43


Ресейдің әуе көлігі федералдық агенттігі (Росавиация) ауыр дерттермен ауыратын тұлғалардың әуе көліктерін пайдалануына тыйым салуды бекітуді ұсынды.

«Көлік объектілерінде медициналық жәрдем көрсетуді ұыймыдастыру саласындағы заңнаманы жетілдіру» тақырыбында өткен парламенттік тыңдаулар кезінде Росавиация өткір психоз, асқынған жұқпалы аурулар, ота жасалғаннан кейінгі ерте кезең, миокард инфаркті, ми қан айналымы бұзылуының асқынуы және т.б. ауру түрлеріне шалдыққан азаматтардың әуе көліктерін пайдалануына тыйым салуды ұсынды.

Росавиацияның мәлімдеуінше, осындай тыйым салудың болмауына байланысты «жыл сайын әуе кемесі бортында кісі өлімі тіркеліп тұрады, соның ішінде оқиғалардың 80%-ы – асқынған жүрек-қан тамырлары аурулары, 20%-ы – 4-сатыдағы онкологиялық аурулар».

Сонымен қатар, ведомство науқас жолаушыларды ұшудан шеттету тәртібі мен ауруды әуе көлігімен тасымалдауға дайындау кезінде емдеуші дәрігер толтыратын құжат нысанын белгілеуді ұсынды.

Росавиация ұсыныстарын қарау нәтижелері бойынша Мемлекеттік Думаның Денсаулық жөніндегі комитеті федералдық авиациялық ережелерге (ФАЕ) жолаушының денсаулық жағдайына байланысты әуе көлігін пайдалану мүмкіндігі туралы өзгерістер енгізу туралы ұсыныстарды әзірлеп, қоғамдық талқылауға шығаруға кеңес берді.

Ағымдағы жылдың наурыз айында РФ Жоғарғы соты ФАЕ-нің ВИЧ жұқтырған адамдардың азаматтық авиация ұшақтарында бортсерік бюолып қызмет етуіне тыйым салу туралы ережесін жарамсыз деп таныған болатын.
 

Дереккөзі: https://health.mail.ru
 


Жаңалықтар