|    |  
22 тамыз 2019
20:34
қаз
Instagram-да тікелей эфирді бірге трансляциялау мүмкіндігі пайда болды
26 қазан 2017, 15:24 20



Қазіргі кезде опция әлеуметтік желінің барлық пайдаланушылары үшін қолжетімді. 

Instagram әлеуметтік желісінде тікелей эфирді бірлесіп трансляциялау мүмкіндігі пайда болды.
 
Функция басқа пайдаланушыны кез келген сәтте трансляцияға қосуға, сондай-ақ шығарып жіберуге және оны алмастыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Engadget.
 
Бұл ретте бірлескен эфир кезінде пайдаланушылар бұрынғыша лайктар басып, пікірлер қалдыру мүмкіндігін иеленеді.
 
Трансляция видеосын смартфонда сақтауға және оны кейінірек Stories арқылы бөлісуге болады.
 
Трансляцияға екінші адамды қосу үшін экранның төменгі оң жақ шетіндегі жаңа пиктограмманы басып, "Add" опциясын таңдау қажет. Осыдан кейін, трансляция іске қосылған кезде экран тең жартысынан екі бөлікке бөлінетін болады.

Дереккөзі: http://korrespondent.net


Жаңалықтар