16 Декабрь
20:40
Астана: -19 °C
Алматы: -8 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Әлем жаңалықтары
1 желтоқсан 16:05
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Интернетсіз қалғанда
Үйіңізде интернет өшіп қалды немесе ақысын төлемеуіңізге байланысты интернет жүйесі істен шықты. Дегенмен, сіз уайымдамаңыз, интернетсіз де өмір бар.



1. Кітап сөресін жинаңыз. Кітаптарды алфавит бойынша қойып, ішінен бұрын оқыған кітабыңызды алыңыз.
2. Үй жинаңыз. Киім салатын шкафтарды бір ақтарып шығыңыз.
3. Ойларыңызды қағазға түсіріңіз. Келер айға жоспар құрыңыз.
4. Үй жануарымен (бар болса) уақытыңызды өткізіңіз.
5. Ұйықтаңыз. Түстер де сериал секілді қызық болады.
6. Достарыңызға қоңырау шалыңыз. Олармен еркін сөйлесіңіз.
7. Туысқандарыңызға хабарласуды ұмытпаңыз.
8. Үйіңізде бұзылып тұрған заттарды жөндеңіз. Жыртылған киім-кешегіңіз болса тігіңіз.
9. Балконды жинақтаңыз. Балкон адамдардың заттар сақтайтын қоймасы секілді. Сондықтан, балконды жинақтаңыз.  
10. Музыкалық аспапта ойнаңыз. Фортепиано, гитара секілді музыкалық аспаптар сізге пайдалы болмақ.
11. Қыдырыңыз, серуендеңіз.
12. Киноға барыңыз. Кейін интернеттен қарағаннан гөрі, киноға барған тиімді.
13. Спортпен айналысыңыз. Жүгіріңіз, жаттығулар жасаңыз.
14. Тамақ дайындаңыз. Дәмді тағамдардың рецептісін қарастырып, ас үйде тәжірибе жасаңыз.
15. Ескі фотоальбомдарды қараңыз. Бала кезіңізде қандай болдыңыз, қазір қандайсыз? Өзгерістер көп пе екен? Саралап көріңіз.

Әлемде интернетсіз де қызықтар көп. Тек зерттесеңіз болғаны. 



http://massaget.kz
нравится:    36
Теги: Главная, Технология,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии