Әлем жаңалықтары
25 наурыз 13:12
Инженерлер шөлді жерде ауадан ауыз су жинайтын құрылғы ойлап тапты



Американың Массачусетс технологиялық институтының (MIT) ғалымдары шөлді жерде құрғақ ауадан ауыз су жинауға қабілетті аспаптың алғашқы прототипін жасап шығарды. Бұл туралы Nature Communications журналында жарияланған мақаладан белгілі болды.

Ресейлік БАҚ хабарлағандай, ғалымдар өз эксперименттеріне кеуекті материал мен тұрып қалған қақты жоюға арналған құралды пайдаланған.

"Біз осыдан бір жыл бұрын осы жобаны таныстырған кезімізде, біздің әріптестеріміз көптеген сын айтып, мұндай құрылғының шын мәнінде іс жүзіне асуына күмән келтірген болатын. Біз далалы жерде сынақтар өткізіп, әрбір таныстырылымды жіті тексердік", - деген үзінді келтіреді "РИА Новости".



Жаңа аспапты сынақтан өткізген аймақтағы ауаның тәуліктік температурасы 15-25 градус аралығында өзгеріп отырды, ал ауа ылғалдылығы 30 пайызды құрады. Құрылғы бір күн ішінде 250 г таза су жинай алды.

Аспап кеуекті металорганикалық материалда судың буын конденсациялайды, сосын ол бу күн сәулесінің әсерімен арнайы түтікшеге жиналады.


Дереккөзі: БАҚ

Комментарии




Яндекс.Метрика