24 Сентябрь
00:22
Астана: 1 °C
Алматы: 10 °C
USD/KZT: 340.11
EUR/KZT: 407.93
RUB/KZT: 5.91
CNY/KZT: 51.61
Экономика
29 қыркүйек 16:28
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

iPhone 6s пен 6s Plus Қазақстанда қашан сатыла бастайды?

Қыркүйектің басында ресми түрде таныстырылған iPhone 6s пен 6s Plus смартфондары үш күн бұрын 12 елде сатыла бастады. Apple гаджеттері 9 қазанда тағы 40 елде сатыла бастайды. Бұл туралы америкалықAppleInsider ресурсы мәлімдеді.

Apple гаджеттері енді Еуропа елдерінде де сатыла бастайды. Айта кетсек, бұл тізімде Андорра, Аустрия, Бельгия, Босния және Герцеговина, Болгария, Хорватия, Чехия Республикасы, Дания, Эстония, Финляндия, Греция, Гренландия, Венгрия, Исландия, Ирландия, Италия, Латвия, Лихтенштейн, Литва, Люксембург, Мальдив аралдары, Мексика, Монако, Нидерланды, Норвегия, Польша, Португалия, Румыния, Ресей, Словакия, Словения, Испания, Швеция, Швейцария және Тайуань елдері бар. Өкінішке орай, Қазақстан бұл тізімге енбеген.

Ал бір күн өткеннен кейін, яғни 10 қазаннан бастап жаңа iPhone Таяу Шығыстағы Бахрейн, Кувейт, Иордания, Катар, Сауд Арабиясы және Біріккен Араб Әмірлігінде сатыла бастайды. Apple өнімі Үндістан, Малайзия және Түркия нарықтарына 16 қазанда шығады.

Жоспар бойынша Apple смартфондары 2015 жылдың соңына қарай әлемнің 130 елінде қолжетімді болмақ. Ал қазан айынан кейінгі нақты күндер әзірге белгіленбеген. Демек жаңа iPhone смартфоны қараша немесе желтоқсан айында Қазақстан нарығына келуі мүмкін. Купертинолық компанияның Қазақстанда ресми дүкені (Apple Store) жоқ болғандықтан, Қазақстан Apple тізімінде ең соңғы қатарда тұр.

Естеріңізге сала кетсек, iPhone 6s және iPhone 6s Plus өткен жұма күні әлемнің ең дамыған 12 елінде сатыла бастады. Ресми түрде берілген ақпаратқа сенсек, Apple алғашқы үш күнде 13 миллион өнімін сатып үлгерген. Бұл көрсеткіш өткен жылы шыққан iPhone 6 мен 6 Plus смартфондарының рекордын жаңартты.

Дереккөзі: massaget.kz
нравится:    687
Теги: Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии