15 Декабрь
08:28
Астана: -22 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 334.92
EUR/KZT: 395.88
RUB/KZT: 5.71
CNY/KZT: 50.69
Экономика
25 қыркүйек 11:57
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

iPhone 6S ұялы телефоны әлемнің 10 елінде сатылымға шығарылды


Apple компаниясы  әлемнің он елінде iPhone 6s  және iPhone 6s Plus жаңа смартфондарын сатылымға шығарды. Мұндай мүмкіндіктерге Австралия, Ұлыбритания, Германия, Гонконг, Канада, Қытай, Жаңа Зеландия, Пуэрто-Рико, Сингапур, Франция, Жапония және АҚШ  сияқты елдердің тұрғындары ие болды.

РИА Новости хабарлауына қарағанда, Жапониядағы Apple компаниясының мекемелерінде қатты қарбалас тіршілік байқалмайды. Тапсырыс берген адамдар брондалған уақыт ішінде смартфондарын алып кетіп жатыр.
Ал австралиялық Люси Келли iPhone 6s телефонын алғашқылардың бірі болып сатып алу үшін Сиднейдегі App Store-ға роботты жіберген.
Ол жұмыс істейтін Atomic 212 компаниясының басшысы оған өзінің орнына өз компаниялары әзірлеген роботты жіберуге кеңес береді. Құлтемір iPad планшетіне ұқсас келеді. Келли оны арнайы қосымша арқылы басқарып, тіпті қасындағы адамдармен камера және микрофон арқылы тілдесе алады.
Жоспар бойынша робот кезекте 24 қыркүйектен 25-іне қараған түні тұрып шығады да, Келлидің басқаруымен дүкенге кіріп жаңа телефонды сатып алған.
нравится:    881
Теги: Бизнес, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии