19 Октябрь
18:30
Астана: 5 °C
Алматы: 12 °C
USD/KZT: 333.57
EUR/KZT: 391.81
RUB/KZT: 5.81
CNY/KZT: 50.37
Экономика
1 маусым 12:50
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

iPhone дизайнын үш жыл сайын өзгертіп отырады


Apple компаниясы бұған дейін екі жылда жаңарып келген iPhone өнімдерінің дизайнын бұдан былай үш жыл сайын өзгертіп отырады деп хабарлайды Nikkei басылымы. Бұны компания “өз өнімдерімізден өзгертетін айтырлықтай ештеңе көрмейміз” деп түсіндіреді. Қазіргі уақытта Apple смартфондарын екіжылдық цикл бойынша түрлендіріп, олардың арасында аралық нұсқасын шығарып отырады.  Бұл туралы newsru.com басылымы хабарлайды.

Смартфон нарығының қысқаруы мен технология дамуының бәсеңдеуін байқаған компания осындай шешім қабылдауға мәжбүр болып отыр. Оның үстіне, күзде таныстырылымы болатын iPhone 7 и 7 Plus смартфондары соңғы үлгіден қатты ерекшеленбейді.

Apple компаниясының жаңғырудың жаңа жүйесіне өтуі iPhone тасымалдаушылар мен жинақтаушыларға әсер ететіні анық, алайда  Phone Arena басылымы мұндай жүйе тек бір жыл ғана жұмыс істеуі мүмкін деген тұжырымдама жасап отыр.

2015 жылы Apple 230 млн iPhone смартфонын сатқан, алайда бұл жылы сарапшылар сатылым көлемі азаяды деп отыр. Себебі, осы жылдың  I тоқсанының өзінде Applе компаниясы сатылым мен түскен табысының азайғаны туралы хабарлаған болатын.


 
нравится:    689
Теги: Бизнес,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии