17 Август
23:34
Астана: 20 °C
Алматы: 18 °C
USD/KZT: 332.68
EUR/KZT: 389.40
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.85
Экономика
24 тамыз 12:30
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​iPhone смартфонын енді бір апта бойы қуаттамай жүруге болады
​iPhone смартфонын енді бір апта бойы қуаттамай жүруге болады. Intelligent Energy ағылшын компаниясы iPhone смартфонына арналған жаңа түрлі батареяның жасалғанын хабарлады. Бұл құрылғы арқылы Apple өнімін бір апта бойы қуаттамай жүруге болады. Бұл туралы The Telegraph жазады.



Мұндай батареяда электр энергиясы сутегі мен оттеінің бірігуі арқылы шығады. Ол патенттелген технология арқылы жасалған. Батареяның iPhone 6 құрылғысында қолданылатыны және құрылымдық өзгерістердің қажеті болмайтыны айтылады. Жалғыз қажетті түзетуі — артқы панеліндегі вентиляциялық тесігінде болмақ, ол арқылы аз мөлшерде ылғал бөлінеді.

Сонымен қатар, iPhone-ды қуаттағыш құралдың өзгеретіні айтылады. Intelligent Energy компаниясының бас диреткоры Генри Винанд компанияның бұл құрылғысын «алға басқан зор қадам» деп атады. Оның айтуынша, мұндай жаңалық смартфондар саласында болмаған.

tengrinews.kz
нравится:    887
Теги: Бизнес, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии