25 Сентябрь
05:11
Астана: -8 °C
Алматы: 3 °C
USD/KZT: 340.11
EUR/KZT: 407.93
RUB/KZT: 5.91
CNY/KZT: 51.61
Әлем жаңалықтары
25 шілде 16:49
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

iPhone7 сатып алған қызметкерлер жұмыстан шығарылады


Қытайдың Чжэцзян провинциясындағы Bina Technology компаниясы шығарған жарлық қызметкерлерді елең еткізді.

Құжатқа сәйкес, басшылық қызметкерлерден айфондарын (егер ол осы қалта телефонын пайдаланушы болса) өзге маркалы телефондарға ауыстыруды талап етті, деп хабарлайды epochtimes.ru.

Бұйрықтан үзінді: «Айфонды осы күнге дейін пайдаланып келе жатқан қызметкерлер өзге маркалы телефон сатып алсын. Компания бұл мақсатқа қажетті ақшаны өзі бөледі... Ал жаңа iPhone7 сатып алғандар жұмыстан шығарылады».

Ақпаратқа сәйкес, фирма қызметкердің айфоннан бас тартып, отандық телефонды сатып алуы үшін 2500 юань (шамамен $375) бөледі. Компания өкілі бұл қадамды Қытайдың қалта телефоны нарығындағы шетелдік өнімді ығыстыру саясатымен түсіндірді.


Дереккөзі: 24.kz
нравится:    1001
Теги: Қоғам,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии