19 Октябрь
15:16
Астана: 4 °C
Алматы: 14 °C
USD/KZT: 333.57
EUR/KZT: 391.81
RUB/KZT: 5.81
CNY/KZT: 50.37
Экономика
14 шілде 11:05
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Ипотекалық несие арзандайды


Жыл соңына дейін екінші деңгейлі банктердің ипотекалық несие беруі жиілеуі мүмкін. Отандық сарапшылар осындай болжам жасап отыр. 
Кеше Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15-тен 13 пайызға дейін төмендетті. Демек несиелер арзандауы мүмкін. Бүгінге екінші деңгейлі банктердің 12-сі тұрғын үй сатып алуға халыққа несие берсе, үшеуі ипотеканы мүлде тоқтатқан.

Қазір несие бойынша ең төмен үстемақы – 10,4 пайыз, ал ең жоғарысы – 23 пайыз.

Білікті қаржыгерлердің пайымынша, ипотека алу тәртібі жеңілдейді деп айтуға әзір ерте. Барлығы экономикалық ахуалға байланысты болмақ.

Жалпы баспана мәселесі алдағы 15 жылда толық шешілмек. Ол үшін Үкімет жаңа бағдарлама әзірлеп қойды. Енді қаладан қалаға көшетіндерге жалға арзан пәтерлер беріледі. Бірақ азаматтар оны өз атына жекешелендіре алмайды. Бұл тұрғындарды бір жерге байламай, еңбек миграциясына ықпал етуі тиіс.

Дереккөз: munara.kz
нравится:    1306
Теги: Нарық және тұрмыс,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии