20 Август
02:38
Астана: 11 °C
Алматы: 14 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
24 қазан 15:17
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Ирак парламенті ішімдік саудасына тыйым салмақшы

 
Ирак парламенті елдегі спирттік ішімдік өндірісіне, экспорттауға және импорттауға біржола тыйым салатын заң қабылдады. Сенбі күні қабылданған бұл заң бизнеспен шұғылданатын өзге дін өкілдерінің наразылығын тудырып отыр.

Бұл заңды бұзған тұлғаларға 21 мың доллар көлемінде айыппұл салу қарастырылған. Бірақ заңның қашан күшіне енетіні және қаншалықты қатаң қадағаланатыны бемәлім. Жоғарғы сот оның күшін жоюы да мүмкін. Себебі Конституция бойынша бұл мұсылмандықты ұстанбайтын қауымның құқығын мансұқ ету болып табылады.
 
Мұсылман елі саналатын Ирактың ірі қалаларында спирттік ішімдік сататын дүкендер жұмыс істейді. Бұл кәсіппен айналысатындардың басым бөлігі христиан дініндегілер. Қазір аталған дүкендер шииттердің қасиетті айына байланысты жұмысын тоқтатқан.
 
Бүгінгі таңда Сауд Аравиясы мен Кувейт қана ішімдік саудасына толықтай тыйым салған.
 
Дереккөз: www.cbsnews.com
нравится:    527
Теги: Қоғам,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии