17 Октябрь
18:58
Астана: 13 °C
Алматы: 19 °C
USD/KZT: 333.03
EUR/KZT: 392.61
RUB/KZT: 5.82
CNY/KZT: 50.54
Әлем жаңалықтары
12 шілде 11:34
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Иран АҚШ-қа 32 тонна «ауыр су» сатты

 
Иранның Сыртқы істер министрінің орынбасары Аббас Аракчи Тегеран мен АҚШ арасында 32 тонна «ауыр су» сатуға қатысты жасалған келісімшарттың жүзеге асырылғанын мәлімдеді. Аббас Аракчи Sima 2 телеарнасына берген сұхбатында: «Қазіргі уақытта біз АҚШ-қа 32 тонна «ауыр су» сатып, ақысын алдық. «Ауыр су» АҚШ-қа жөнетілді»-деді.
 
Бұрын хабарланғандай, АҚШ Энергетика министрлігі Иранның ядролық объектісінде пайдаланылған ресурстарды сатып алу туралы келісімге қол қойған болатын. Келісім сомасы 8,6 миллион долларға бағаланған.
 
Ресей де Ираннан 40 тонна «ауыр су» сатып алу туралы келіссөз жүргізуде. Аракчидің сөзінше тараптар әлі бұл мәселе бойынша келісімге келмеген.
 
Иранның ядролық бағдарламасы бойынша Тегеранға «ауыр су» өндіруге тыйым салынбаған. Бірақ өндіру көлемі 130 тоннамен шектеледі.
Жалпы «ауыр су» өндірісі қауіп төндірмейді. Тек ауыр реакторлар технологиясына қолданылатындықтан бақылаушылар мұндай ресурстарға мониторинг жүргізіп отырады.
 
«Ауыр су» — бұл ауыр сутекті су атауын білдіретін термин. Дейтерия оксиді ретінде де белгілі. Ауыр сутекті судың химиялық формуласы әдеттегі судікімен бірдей. Тек изотоптық атом құрамдары бөлек. Ал оның изотоптық құрамындағы  оттегі ауа оттегіне сай келеді.
 
 Дереккөз: РИА Новости 
нравится:    668
Теги: Саясат, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии