20 Сентябрь
15:26
Астана: 24 °C
Алматы: 26 °C
USD/KZT: 340.95
EUR/KZT: 408.73
RUB/KZT: 5.87
CNY/KZT: 51.80
Әлем жаңалықтары
18 қаңтар 13:04
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​​Иран Батыс санкциясы алынуын қуана қарсы алды
17-01-16-iran-1

Иранға қарсы енгізілген 20 жылдық санкциясының ақыры жеткен сияқты. Бүгін, 17 қаңтар күні соның басым бөлігі алынып тасталды. Бұл туралы «Вести.Ru» хабарлады.

Әлбетте, бұл оқиғаны Иран басшылығы да, халқы да қуанышпен қарсы алды. Парсы елінің президенті Твиттерде осы оқиғамен бүкіл ел халқын құттықтады. Ол мұны «Иран ұлтының ұлылығы мен төзімділігінің жеңісі» ретінде атап өтті.

Бұл жөніндегі оқиғаның тарихы 1995 жылы Вашингтонның Тегеранға қарсы біржақты сауда-экономикалық санкциясын енгізуінен басталды. Осыдан кейін бүкіл әлем оның даму барысын қадағалап отырды. Кейін АҚШ-ты Еуропа одағының елдері қолдады.

Бүгін осы оқшаулаудың аяқталуына байланысты Еуропа дипломатиясының басшысы Федерика Могерини мен Иран сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зариф бірлескен мәлімдемелерін оқыды.

«Бүгін – бірлескен іс-әрекеттің кең ауқымды жоспарыне жол ашылған күн. Келісімге қол қойылған күннен біз оның іске қосылуы жолында еңбек еттік. Осылайша Тегеран өзінің ядролық бағдарламаға қатысты барлық міндеттемесін орындап, оны МАГАТЭ растап берген соң халықаралық және біржақты қаржылық һәм экономикалық санкциялар Ираннан алынатын болады», – деді Федерика Могерини.

«Мен тек біздің бірлескен жұмыстарымыздың қорытындысына арналған процеске қатысушылардың бәріне алғыс айтып, ұзақ уақыт күтіп қалуларына байланысты журналистерден кешірім сұрағым келеді», – деп қолдады әріптесін Зариф.

Сосын сөзді АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джон Керри алды. Ол тарихтың мұнымен тоқтап қалмайтынын айтты.

«Бүгін, 17 қаңтар күні МАГАТЭ басшысы бұдан арғы қадамдарды талқылау үшін Тегеранға барады. Мен мынаны айтқым келеді: егер Тегеран ядролық бағдарлама жөніндегі міндеттемесін бұзуға шешім қабылдайтын болса, біздің оған тиісті жауап қайтаратын уақытымыз жеткілікті», – деді ол.

Иран мен халықаралық делдалдадың «алтылығы» – АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Франция және Германия қазір айтылып отырған Иран мәселесін бірнеше жылдан бері шешуге араласып келді. Оның түйінді келісіміне былтырғы шілде айында қол жетті. Ислам республикасы Фордодағы зауытын технологиялық орталыққа, ал Арактағы реакторды халықаралық концорциум жобасына сәйкес қайта жасып, онда өндірілетін отынды елден тысқары жақтарға шығаруды міндетіне алды. Тегеран сондай-ақ уранды 3,67 пайыз табалдырығынан жоғары мөлшерде байытпауға және бұл уранның көлемін 15 жылдық мерзімде 300 килограмм шеңберінен асырмауға уәде етті.

Жалпы, Иранға салынған санкция түгел алынып тасталады деп те айтуға болмайды. Қазіргі жасалып отырғандары екінші лектері ғана. Ал оның резиденттерге қатысты бірінші лектегісі әлі қала тұрады.

Дереккөзі: ras.kz
нравится:    624
Теги: Саясат, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии