13 Декабрь
21:10
Астана: -25 °C
Алматы: -5 °C
USD/KZT: 334.85
EUR/KZT: 394.29
RUB/KZT: 5.69
CNY/KZT: 50.60
Экономика
10 тамыз 10:58
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Иран елдің астанасын Тегераннан басқа жерге көшірмек
Иранда астананы Тегераннан басқа қалаға көшіру туралы мәселе қызу талқыланып жатыр. Бұл туралы ИРНА агенттігінің дерегіне сүйене отырып haqqin хабарлады деп жазады ras.kz.



Бұдан бұрын, 2013 жылғы желтоқсанда елдің парламенті аталмыш мәселені талқылаған болатын. Сонда 110 депутат байтақты көшіру идеясын қолдаса, 97 адам қарсы шыққан еді.

Алайда, сол уақыттан бері бұл мәселе қайтадан көтерілмей қалған.

Иран сыртқы істер министрі Абдолреза Рахмани Фазли журналистерге 20 жылдан бері сөз болып келе жатқан астананы көшіру идеясын президент Роуханидің қолдайтынын айтты.

«Заң шығарушылар астананы Тегераннан басқа жерге көшіру жөніндегі ұсынысты қолдады. Әзірге жобаның қаржылық мүмкіндігі анықталған жоқ», – деді Рахмани Фазли.

Ал Иранның парламент істері жөніндегі вице-президенті Маджид Ансари бұл идеяны өміршең емес деп есептейді. Ол қаржылай қиындықтар салдарынан Тегераннан барлық мемлекеттік мекемелер мен коммерциялық орталықтарды көшірудің мүмкін болмайтын алға тартады. Қазір бір өзінде 8,3 миллион, айналасында 14 миллион халық тұратын Тегеран Орта Шығыстағы ең ірі қала болып табылады.
нравится:    826
Теги: Нарық және тұрмыс, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии