12 Декабрь
10:32
Астана: -19 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.05
EUR/KZT: 395.12
RUB/KZT: 5.66
CNY/KZT: 50.64
Экономика
18 ақпан 14:07
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Иран мұнай деңгейін қалыпты ұстауды қолдады


Мұнай өндіруші елдердің мұнай өндірісін қалыпты деңгейде ұстауға арналған бастамасын Иран да қолдады. Бұл туралы мемлекеттің мұнай министрі Бижан Намдар Зангане Тегеранда өткен Венесуэла, Ирак және Катар елдерімен болған келіссөздер соңында мәлімдеді. Кездесуде 2016  жылғы өндірісті қаңтар айының деңгейінде қалыпты ұстап тұру туралы талқыланды, деп жазады Lenta.ru.

Шенеуніктің мәлімдеуінше, мемлекет басқа да шешімдерді күтіп отыр. «Бұл алғашқы қадам болғанымен соңғысы болмауы тиіс. Мұнай нарығындағы жағдайды жақсарту үшін жасалған осы қадам ОПЕК елдері  мен басқа да өндірушілер арасындағы ынтымақтастықтың бастамасы болуы мүмкін», — деп атап өтті Б.Зангане.
 
нравится:    746
Теги: Әлем экономикасы,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии