|    |  
17 желтоқсан 2018
12:20
қаз
Иран мұнай өндірісін арттырмақ
23 қараша, 11:14 690
 

Тегеран 5-6 айдың ішінде мұнай өндіру көлемін тәулігіне шамамен 1 миллион баррельге өсіреді, деп хабарлады тілшілерге Иран мұнай министрінің орынбасары Әмір Хоссейн Заманиния, деп жазады РИА Новости.«5-6 айдың ішінде біз мұнай өндірісін тәулігіне шамамен 1 миллион баррельге арттырмақпыз», - деді министр газды экспорттаушы елдердің тілшілері форумында.

«Бұл ОПЕК аясында жасалатынын күтіп отырмыз. Біз өндіріс пен жеткізуді ОПЕК квотасы өзгеріссіз қалған жағдайда арттыруды күтіп отырмыз. Сондықтан ісімізді ОПЕК-пен үйлестіретін боламыз... Бұл тәулігіне 30 миллион баррель (ОПЕК квотасы - ред.)», - деп атап өтті министр.

Дереккөзі: Қазақпарат


Жаңалықтар