17 Декабрь
15:49
Астана: -10 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Экономика
19 қаңтар 16:19
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Иран мұнайының өзіндік құны барреліне 10 долларға тең
Иранның теңізде емес, құрлықта өндірілетін мұнайының өзіндік құны барреліне 10 долларға тең деп хабарлайды 24.kz сайты.

6d880f83e4e1847faec9da46fded2e0e_L

Сондықтан әлемдік нарықтағы қара алтынның қазіргі бағасы парсы елі үшін тиімді болмақ. Бұл туралы Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Моджтаба Дамирчилу мәлімдеді. Бұдан басқа, дипломат мұнай бағасының төмендеуіне Ираннан алынған санкциялар ғана емес, басқа да факторлар әсер ететінін айтады. Ол бұған әлемдік экономикалық өсімнің құлдырауы да себеп болып отырғанын жеткізді. Парсы елшісінің айтуынша, Иран санкцияларға дейін күніне 4 миллион баррель мұнай өндіріп, оның 2,1 миллионын экспорттап келген. Шектеу енгізілгеннен кейін қара алтын экспорты күніне 1 миллион баррельге дейін қысқарды.

Еске сала кетейік, 16 қаңтарда МАГАТЭ басшылығы «Иран ядролық бағдарламаға қатысты бастапқы міндеттемелерін толық орындады» деп мәлімдеп, 2005 жылы салынған санкциялардың алынғанын ресми түрде жария еткен болатын.
нравится:    675
Теги: Әлем экономикасы,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии