16 Декабрь
13:08
Астана: -16 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Әлем жаңалықтары
27 мамыр 11:46
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Иранда «Ислам мемлекеті» тақырыбындағы карикатурашылар конкурсы өтті
Иран елінде «Ирак және Левант Ислам мемлекеті» (ИЛИМ, ИМ) халықараық террористік ұйымын көрсететін карикатурашылар байқауы ұйымдастырылды, деп хабарлайды lenta.ru  The Independent сілтеме жасай отырып.
Бұл байқауға әлемнің  барлық карикатурашылары мен мультипликаторлары шақырылды. Байқауға қатысқан жұмыстардың ең таңдаулысы Тегерандағы төрт мәдени орталығында өткізілетін көрмеге қойылмақ. Байқау жеңімпаздары 31 мамыр күні белгілі болады.



Байқаудың негізгі тақырыбы – ИМ жеңдеттерінің қылмыстарын әшкерлеу. Қазіргі уақытта байқауды ұйымдастырушылар 800 аса жұмысты қабылдаған. Олардың 280-ін үздіктер қатарына таңдалып алынған. Байқауға қатысуға әлемнің 40 елінен, атап айтсақ Бразилия, Австралия және Индонезия сияқты елдерден жұмыстар келіп түскен. Байқау Тегеран қалалық әкімшілігінің мұрындық болуымен өткізіліп отыр.

Аталған байқау хатшысы Мохаммед Хабиби: «Кейбір шетелдік авторлар Тегеранға келіп, өздерінің жеке басының қауіпсіздіктері үшін, аты-жөндерін өзгертуге мәжбүр болып жатты. Бүгінгі уақытта ИМ туралы, олардың мәдениетке және жалпы адамзат дамуына қарсы қылмыстарын бүкіл әлем біледі. Суретшілердің негізгі міндеті -  осы қоғам туралы ақпараттарды өнер арқылы көрсету», деді.
нравится:    713
Теги: Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии