22 Август
15:10
Астана: 27 °C
Алматы: 25 °C
USD/KZT: 332.58
EUR/KZT: 390.38
RUB/KZT: 5.63
CNY/KZT: 49.85
Экономика
2 ақпан 09:18
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Иранның 100 миллиард доллар активі бұғаудан босатылды
Иран үкіметінің баспасөз хатшысы Мохаммад Багер Нобакт.

Тегеранның мәлімдеуінше, Иранның шетелдердегі 100 миллиард доллардан астам қаржыға бағаланатын активі әлемдік державалармен жасалған ядролық келісімге сәйкес бұғаудан толық босатылды.

Иран үкіметінің баспасөз хатшысы Мохаммад Багер Нобакт қаржының көп бөлігі Қытай, Үндістан, Жапония, Оңтүстік Корея және Түркия банктерінде сақталған дейді. Бұл қаржы 2012 жылы Иранның ядролық бағдарламасын одан ары дамытуына байланысты бұғатталған еді.

Нобактың сөзінше, қазір Иран қаржыны өз қалауынша пайдалана алады. Ол қаржының негізгі бөлігі Иран шетелден тауар сатып алуы үшін банктерде тұра беретінін айтады.

Ал Иран орталық банкінің өкілі ирандық тоғыз банк бүкіл әлемдегі қаржы институттары арасында операция жасай беруге мүмкіндік беретін SWIFT жүйесіне ендігі қосылып қойғанын айтады.

Қаңтардың ортасында БҰҰ-ның атом істері жөніндегі халықаралық агенттігі Иран ядролық бағдарламасын шектеу туралы келісім талаптарын орындағанын растаған соң бұл елге салынған халықаралық санкциялар алынып тасталған.

Дереккөзі: Азаттық
нравится:    619
Теги: Главная, Әлем экономикасы,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии