17 Декабрь
14:17
Астана: -12 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Экономика
13 сәуір 16:12
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Ірі қалаларда үй сату қиындап барады
2016 жылдың наурыз айында теңгенің долларға шаққандағы курсы орташа есеппен 345-ке тұрақтауы доллардағы бағаның аздап төмендеуіне және ұсыныстың көбеюіне себеп болды, деп хабарлайды forbes.kz.

catwebsender

Жылжымайтын мүлік агенттігінің хабарлауынша, наурызда жасалған жылжымайтын мүлік сауда келісім-шарттары бәсеңдеген. Оған себеп болған сайлаудан кейін курстың қайта көтерілетіні жайлы қауесет. Қалай болғанда да наурызда бағаның төмендеуі байқалды. Kn.kz сараптама қызметінің мәліметінше, Астан, Алматы мен Қарағандыда үй бағасы сәйкесінше 4,8 және 6 пайызға арзандады.

Астанадағы Premium жылжымайтын мүлік сату агенттігінің қызметкері Шынар Сазанбаеваның айтуынша, халық ақшаларын теңгемен сақтауға жүрексініп, жаппай жылжымайтын мүлік сатып алуға көшті. Үй бағасының арзандауына осы себеп болуы мүмкін. Сонымен қатар, бағаны тек теңгемен белгілеу туралы заңның да нарыққа әсер еткені белгілі.

Ал Алматыдағы RIA Light жылжымайтын мүлік агенттігі қызметкері Яна Симонова қазір жылжымайтын мүлік сатып алуға ниеттілердің көп екенін айтады. Алайда ұсынатын бағалары төмен. «Менің ойымша, нарық қазір қызып тұр. Жаңа үйлер де, ескі үйлер де сұраныста. Ақпанда сауда жақсы жүрді. Наурызда сауда келісім-шарттары бәсеңдеді», — дейді Яна Симонова.

Estate агенттігінің өкілі Дмитрий Лидің пікірі басқаша. Оның айтуынша, наурызда сауда жақсы жүрген. Өйткені ақпанда халық девальвациядан қорықты. Бағаға келер болсақ, үй арзандауда. Сатушылар да төмен бағалар сұрап отыр.

Қарағандыға келер болсақ, жағдай бірқалыпты. «Проспект» риэлторлық агенттігі мәліметінше, халықтың төлем қабілетінің төмендеуі, несиелік саясаттың күшейтілуі мен құрылыс секторын қаржыландырудың төмендеуіне қарамастан жылжымайтын мүлік бағасында айтарлықтай өзгеріс жоқ.

Сарапшылардың айтуынша, Алматы, Астана мен Қарағандыда дағдарысқа қарамастан сауда келісімшарттары көп. Статистикаға сүйенсек,  2016 жылдың ақпанында Қарағанды облысында сауда көлемі 36 пайызға, Астанада 54, Алматыда 34 пайызға ұлғайған.

Мамандардың айтуынша, ипотекалық несиелендірудің азаюы сұранысты азайтып, бұл өз кезегінде бағаның төмендеуіне әкеп соғуы мүмкін. Сонымен қатар халықтың төлем қабілетінің төмендеуі де нарыққа әсер етпек.

Дегенмен, сұраныстың төмендеуі мен бағаның арзандауы нарықтағы ұсынысты да азайтты. Аталған қалаларда 2015 наурызы мен 2016 наурызы аралығында сатылатын үйлердің саны 40 пайызға азайған.

Сараптама қызметінің болжамынша алдағы бірнеше айда жылжымайтын мүлік бағасы төмендеуі тиіс.

Дереккөзі: businessnews.kz

 
нравится:    1015
Теги: Жылжымайтын мүлік,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии