|    |  
08 желтоқсан 2019
00:16
қаз
Ірімшік қосылған ащы "Мандарин" салаты
26 желтоқсан 2016, 10:59 51

Жаңажылдық дастарханға арналған жеңіл әрі дәмді салаттың рецептін ұсынамыз!

Ингредиенттер:


150 гр. ірімшік
100 гр. балқытылған ірімшік
2 дана үккіштен өткізілген сәбіз   
2 дана ұсақтап туралған жұмыртқа
4-6  тал сарымсақ
Тұз,майонез

Дайындау тәсілі:
 
Терең ыдыста ірімшіктің екі түрі мен жұмыртқаны,сарымсақты,майонезді араластырып аламыз.
 
Дымқыл қолымызбен шағын мандариндар жасап үккіштен өткізілген сәбізге аунатып аламыз.
 
Әр мандаринге жапырақ қосып әсемдейміз де  30-40 минутқа тоңазытқышқа қоямыз.

Астарыңыз дәмді болсын!


Жаңалықтар