23 Октябрь
15:52
Астана: 10 °C
Алматы: 18 °C
USD/KZT: 335.24
EUR/KZT: 395.82
RUB/KZT: 5.82
CNY/KZT: 50.65
Кербез
9 қараша 14:43
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Ірімшікті бәліш


Өте тез дайындалатын ірімшік қосылған дәмді бәліш. Ірімшікті бәліш (пирог) – кішкентай кезімізден таныс және ең кең таралған бәліштердің бірі. Дайындалу әдісі өте қарапайым болғандықтан, дайындалу барысын суретке түсірмедім. Қыздарымыздың қолынан келетініне сенем. Бірақ түсініксіз жерлері болса, комментке жазыңыздар, міндетті түрде жауап беремін! 

Бүгінгі ірімшікті бәлішіміздің құрамы:

Қамырына:
Сары май – 125 гр.
Ұн – 2 стақан
Қант – ½ стақан
Қамыр қопсытқыш – 1 шай қасық

Салмасы:
Ақ ірімшік – 500 гр.
Қант – ¼ стақан
Жұмыртқа – 3 дана
Ұнтақ жарма  (манка) - 1 ас қасық
1 лимонның ұсақталған қабығы
Ванилин

Ірімшікті бәліштің дайындалу тәсілі:

Майымызды ертерек тоңазытқыштан шығарып төртбұрыштап турап қоямыз. Май тым қатты болса аздап қысқатолқынды пеште жібітіп алыңыз, бірақ қатты еріп кетпесін;
Алдымен құрғақ құрамдас бөліктерін араластырамыз: ұн, қант, қамыр қопсытқыш және бір шымшым тұз қосуға болады;
Ұнды қоспаға өте жұмсақ майды саламыз. Қолмен илейміз жақсылап. Бірақ қанша илесек те бұл қоспа қамыр болмайды, солай ылғалды ұнтақ күйінде қалады;
Енді ірімшікті салмасын дайындаймыз. Ірімшікке жұмыртқа, қант, ванилин, ұнтақ жарма және 1 лимнонның ұсақталған қабығын (цедра) салып, барлығын біркелкі болғанша жақсылап араластырамыз;
Пешімізді 180 С-та қыздырып қоямыз. Бәліш пісіретін арнайы қалыпты дайындаймыз. Ол үшін қалыпқа жұмсақ сары май жағамыз, үстінен ұн себеміз. 
Енді дайын қалыпқа алдымен ұнды ұнтақтың ¾ бөлігін саламыз, шеттерін көтеріңкі жасаймыз. Әйтпесе салмасы  қалыпқа жабысып қалады. Ұнтақтың үстінен ірімшігіміздің барлығын саламыз. Тегістеп, үстіне ұнтақтың қалған ¼ бөлігін саламыз. Пешке 40-45 минутқа қоямыз. Бәліш піскеннен кейін қалыптан алуға асықпаңыз, жақсылап суытып алып, бірақ алыңыз, әйтпесе үгітіліп шашылып қалады.

Осымен сүйікті ірімшікті бәлішіміз дайын!
нравится:    606
Теги: Ас мәзірі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии