14 Декабрь
04:41
Астана: -26 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 335.38
EUR/KZT: 394.07
RUB/KZT: 5.67
CNY/KZT: 50.67
Әлем жаңалықтары
22 мамыр 17:07
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Ирландияда бір жынысты неке жөнінде референдум өтіп жатыр
Ирландияда бір жынысты некені заңдастыру мәселесі бойынша ел тұрғындарының дауыс беру референдумы өтіп жатыр деп хабарлайды, BBC қызметі.



Егер референдум оң нәтижеге ие болса, онда Ирландия заңнамалық немесе соттық тәртіптерде емес, жалпы халықтық дауыс беру арқылы Конституцияға сәйкес түзетулер енгізілген алғашқы ел атанбақ.
 
Референдум қорытындысы осы сенбі күні белгілі болмақ. Елдің конституциясына бір жынысты некеге рұқсат беретін түзетулерді енгізу үшін 3,2 миллионнан аса адам жақтап дауыс берулері қажет.

Дауыс беру жергілікті уақыт бойынша кешкі 9-сағатқа дейін жалғаспақ.

Бүгінгі уақытта бір жынысты некеге әлемнің 19-елі рұқсат берген.
Елдегі барлық саяси партиялар бұл шешімдерді қабылдауға шақырады. Ал католик шіркеулері мен көптеген консерванттар бір жынысты некеге мүлдем қарсы.

Ирландияда 2010 жылы гейлерге ресми азаматтық одақ құруға рұқсат беретін заң қабылданған болатын.

Алайда,  азаматтар одағының заңды мәртебесі конституциямен қорғалатын неке институтына қарағанда өзгеше.

2013 жылы Ирландия үкіметі бір жынысты некені заңдастыру мәселелерін қарайтын,  конституциялық ассамблеяны шақырған болатын. Ассамблея референдум өткізу қажеттігі туралы шешім шығарған.
нравится:    845
Теги: Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии