20 Август
06:13
Астана: 11 °C
Алматы: 12 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Туризм
22 сәуір 09:38
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Ирландиядағы Carrick-a-Rede арқан көпірі: шексіз саяхат

Кэррик-а-Рид (Carrick-a-Rede) аспалы көпірі арқылы  қыдыру Солтүстік Ирландиядағы экстремалды туристік аттракцион болып есептеледі.  Жерден 30 метрлік биіктікте орналасқан көпір материк пен кішкентай Кэррик аралын жалғайды. Аспалы көпірдің ұзындығы желдің аздаған лебімен 20 метрге дейін жетеді, ал ені бар болғаны метрді ғана құрайды.


Кэррик-а-Рид арқанды көпірді үш жүз жыл бұрын, шамамен XVII ғасырдың ортасында  жергілікті балықшылар  тұрғызған. Олар көпірді  албырт миграциясы кезеңінде, яғни маусым мен қыркүйек аралығындағы уақытта Кэррик аралына еш кедергісіз жету үшін және ол жақта балық шаруашылығымен айналысу үшін жасаған.


Балықшылар жыл сайын көпір тұрғызып отырған, өйткені ылғалдылықтың барынша жоғары болуы салдарларынан ол жылдам сырғып кетіп отырған.


Жүз жыл өткеннен кейін бұл өңірде балық өндірісі тоқтады, ал Кэррик-а-Рид көпірі туристердің көрнекілі орны болып қалды. Жүрек жұтқан балықшылар естелігі болып саналатын көпірден жылдың кез келген мезгілінде өтуге болады.

Қазіргі заманғы көпір 2008 жылы қайта жарақтандырыған: оған беріктігі жоғары трос пен елей қолданылды, ол он мың тоннаға дейін ауырлықты көтере алады. Көпірге барлығы 16 мың фунт қаражат жұмсалды.



Дереккөзі : http://www.travel.ru/ 
нравится:    694
Теги: Әлемге саяхат,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии