19 Июнь
12:25
Астана: 21 °C
Алматы: 28 °C
USD/KZT: 338.78
EUR/KZT: 392.82
RUB/KZT: 5.35
CNY/KZT: 52.62
Кербез
19 сәуір 17:50
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Ішкі тепе-теңдікті қалай сақтау керек?
Өзге адамдардың қасында өзіңізді жақсы сезіну үшін алдымен өзіңіздің жағдайыңыз жақсы болуы керек. Ішкі жағдайыңызды айтамыз. Көңіл-күйдің бұзылуы, ұсақ-түйекке бола жүйкенің жұқаруы кез келген адамда болады. Бірақ осыған жол бермеу үшін адамдща ішкі тепе-теңдік болуы керек. Ішкі тепе-теңдікке жету үшін ішкі әлеміңізді ретке келтіру керек.


 
Біріншіден, кез келген жағдайдың жақсы жағын таба білуді үйрену қажет. Басы артық уайым жағдайды жеңілдетпейді, керісінше тереңдетеді. 
 
Екіншіден, алдыға мақсат қойып, бар назарды соған аударып, нық қадам жасау керек. Соған тез жетуге талпыну керек. Осылайша адам маңызсыз дүниелерді жолынан ысырады.
 
Үшіншіден, оңаша демалыс керек. Әріптестермен, достармен демалған әрине жақсы. Бірақ оңаша қалғанда ойыңызды жинақтауға мүмкіндік туады.
 
Төртіншіден, үндемеуді үйрену керек. Аз сөз алтын. Ауыздан сөзбен бірге эмоция шығып кетеді.
 
Бесіншіден, өзіңізге қажетсіз адамдардан алыс болу керек. Ешкімді масыл қылмаңыз. Адамдарды сүзгіден өткізуді үйреніңіз. Өтірікшілерден, қызғаншақтардан, өсекшілерден аулақ болыңыз. Олар энергияңызды сорып алады.
 
Алтыншыдан, өзіңізге сеніңіз. Болашағыңызға, мақсатыңызға сеніңіз. Ең бастысы өз мүмкіндіктеріңізді объективті бағалап, барынша тырысу. 
 
Дереккөз: Сегодня
нравится:    59
Теги: Главная, Психология,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте также:
Загрузка...

Комментарии